Атырау мешіттері «Мектепке жол» аясында 1050 балаға оқу құралдарын тапсырды (+ФОТО)

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облысының мешіттері 1050 балаға оқу құралдарын, киім-кешек, сөмкелер табыс етті.

Республикалық акцияға Атырауда қала, аудан, ауыл мешіттері толықтай қатысты.

Бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде 150 балаға мектепке қажетті құралдар табыс етілді.

«Бар жақсымыз – балаларға! Қайырымдылық акциясы аясында көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерді қамтыдық. Балаларымыздың мектепте алаңсыз білім алуына бар жағдай жасауымыз керек» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі