Атырау мешіттері өткен жылы 12 отбасына баспана сыйлады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының​ «Ел үлесі –пәтерге» атты қайырымдылық жобасы аясында Атырауда жыл басынан бері 12 мұқтаж отбасына баспана берілді. ​

Мұқтаж шаңырақтардың қатарында асыраушысынан айрылған шаңырақтар, сырқат адам асырап отырған отбасылар және көп балалы аналар бар.

Жалпы, қайырымдылық бағытында жыл басынан бері облыс мешіттерінде 1167 іс-шара өтті. 91​ 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» сынды атаулы қайырымдылық акциялары бар.