Атырау облысында өткен жылы 7 мешіт ашылды

Өткен жылы Атырау қаласында, аудан және ауылдық жерлердегі жаңадан бой көтерген мешіттер саны өткен жылы 7-ге жетті.

Олардың қатарында Атырау қаласының Еркінқала, Геолог ауылдарында ашылған мешіттер бар.

Сонымен бірге, өткен жылы Құрманғазы ауданында «Діни сауат ашу орталығы» ашылды.

Осындай білім ордасы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында да бой көтерді.

Сондай ақ, Жылыой ауданында Неке қию және отбасылық оңалту орталығы қолданысқа берілді.