Атырауда Құран жаттау және сауат ашу орталығының шәкірттері сынақ тапсырды

«Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының шәкірттері қысқы емтихан тапсырды.

Олар «Ақида», «Фиһқ», «Көркем оқу» сынды бірқатар пәндер бойынша өтті. Емтиханды облыстық «Иманғали» мешітінің ұстаздары қабылдады.

«Осы уақытқа дейін білім алып жатқан және жазда сауат ашу орнына қабылданған шәкірттер қысқы емтиханды сәтті аяқтады. Біз бұл жерде жан-жақты білім береміз, діни таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік ашамыз» деп атап өтті орталықтың ұстазы Олжас Скаков.