Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі –пәтерге» атты қайырымдылық жобасы аясында Атырауда жыл басынан бері 12 мұқтаж отбасына баспана берілді.
Мұқтаж шаңырақтардың қатарында асыраушысынан айрылған шаңырақтар, сырқат адам асырап отырған отбасылар және көп балалы аналар бар.
Жалпы, қайырымдылық бағытында жыл басынан бері облыс мешіттерінде 1167 іс-шара өтті. 91 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» сынды атаулы қайырымдылық акциялары бар.