Атырау мешіттерінде пандемия құрбандарының рухына бір мезгілде Құран бағышталып, дұға жасалды (+ФОТО +ВИДЕО)

amin.kz/ 13 шілде, 2020 жыл.  13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.

Атырау облысының Бас имамы бастаған дін қызметкерлері бүгін орталық «Иманғали» мешітінде, жеті аудандық орталық мешіттерде бір мезетте Құран хатым жасап, пандемиядан көз жұмған марқұмдардың рухына дұға бағыштады.

«Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Онлайн Құран хатымға» қатысып, хатым дұғасын жасаған болатын. Осынау қысылтаяң шақта оқыдан дұғаларымызды Алла қабыл етіп, марқұмдардың жаны жәннатта болғай деп тілейміз.

Алладан елімізді қатерлі індеттен аман сақтауын сұраймыз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.