Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша, Атырау облысының қою қызыл аймаққа енуіне байланысты, мешіттерде ұжымдық намаздарды оқуға уақытша шектеу қойылды.
«Бұл шара аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қолға алынып отыр. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жұмыс күндері мешіттерде бес уақыт намазды жеке оқуға рұқсат етіледі. Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. Сенбі, жексенбі күндері мешіттер жабық болады» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.