Атырауда «Иманғали» мешітіне дезинфекция жасалды

Атырау орталық «Иманғали» мешітіне кезекті дезинфекция жасалды.

Карантин жағдайына байланысты, Атырау мешіттеріне дезинфекциялық тазалық тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

«Әлемді жайлаған пандемияның айылын қашан жиятыны белгісіз . Елімізде тұтастай, соның ішінде Атырауда да эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Осы ретте, мешіттердің санитарлық талаптар қатаң сақталған жағдайда жұмыс атқаруы маңызды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мешіттерінде ұжымдық намаз оқуға уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған болатынбыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.