Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.
Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша: Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнына көшірілді.
⁃ Су тасқыны жағдайына байланысты эвакуация бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған азаматтарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын азаматтар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды, - деді Бисембиев.
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі штабы