Қасиетті Құрбан айт күндері Атырау облысында 2338 мұқтаж отбасына ет үлестірілді.
Оның ішінде, Атырау облысы бойынша барлығы 355 қой, 88 ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Қасиетті Құрбан айттың кереметі сол, бұл күні мұқтаж жандарға ерекше қамқорлық көрсетіледі. Әрі біз мерекені балаларға да сезіндіру мақсатында, айттық сыйлықтар тараттық. Бірлік, ынтымақ тақырыбында насихаттар айтылды. Құрбан малының етін әлеуметтік жағынан әлжуаз топтармен бірге, тасқыннан зардап шеккен отбасыларға да таратуды жөн көрдік» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, Атырау облысында Құрбан айттың соңғы күні 77 қой, 72 ірі қара құрбандыққа шалынып, 1780 отбасыға ет таратылды.