АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БОЛАТБЕК ҰЛАСҚАНҰЛЫНЫҢ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Отан – аманат, қорғау – міндет!

Қадірлі бауырлар!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – елінің ертеңі үшін ет жүрегімен қызмет еткен нағыз ер азаматтардың мерекесі. Бұл күн – тек әскери киім киген жандарға ғана емес, жүрегінде ел мен жерге деген сүйіспеншілігі бар әр азаматқа ортақ күн.

Асыл дінімізде «Отанды сүю – иманнан» делінген. Бұл – тек ұран емес, үлкен жауапкершіліктің жүгі. Тыныштықты сақтау, бейбіт өмірді бағалау, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің тұтастығын қорғау – әрбір мұсылманның міндеті.

Атырау өңірінің дін қызметкерлері де елдің руханиятын нығайтып, дін мен дәстүрді үндестіре отырып, Отанға қызмет етуде. Біз үшін Отан қорғау тек шекарада ғана емес, жүректе де, тілекте де, ниет пен әрекетте де жүзеге асады.

Барша ел қорғаушыларға, ардагерлерге, тыныштық күзетінде тұрған азаматтарға Алланың нұры жаусын!

Жеріміз бейбіт, көгіміз ашық болғай!

Ізгі тілекпен,

Болатбек Ұласқанұлы

Атырау облысының бас имамы