Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қабылдады.
Қабылдау барысында облыс әкіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хаты табыс етілді.
«Президент пен халықтың үкілі үмітін абыроймен ақтап, жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы ізгі іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал ете беруіңізге тілектестігімді білдіремін» делінген хатта.
Қабылдау барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірдегі діни ахуал, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер берді.
Еске сала кетелік, Атырау облысында бүгінде 38 мешіт бар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.