Атырауда дін мамандары жазасын өтеушілерге дәріс жүргізуде

Кезекті дәріс Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ 157/9 ерлер түзету мекемесінде өтті.

Кездесу барысында Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Әбдіров, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Сақан Дастан «Рамазан айының қасиеті», «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі», «Алла елшісі (с.ғ.с.) насихаттаған сабырлық қасиеті», «Ғайбат пен өсек», «Тәубе етудің тағылымы» тақырыптары аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында дін мамандары жазасын өтеушілер тарапынан қойылған Рамазан айының оразасына және басқа да әртүрлі дін тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап берді.