Атырауда «Мәулімберген» мешітінде 30 отбасына азық-түлік таратты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешіті қайырымдылық акциясын өткізді.

30 мұқтаж отбасын қамтыған акцияны Алғабас ауылының жастары ұйымдастырды.

Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынған пакеттерді еріктілер мұқтаж шаңырақтардың үйлеріне жеткізіп берді.

«Рамазан – берекесі мол ай. Рамазан – қайырымдылық айы. Мұқтаж шаңырақтарды қолдау шаралары жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.