Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Сарыағаш шәкірттерімен кездесті

Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Сарыағашқа арнайы барып, медресе бітіруші түлектермен кездесті.

Яғни, еліміздегі «Нұр-Мүбәрак» ислам университеті, медресе-колледждерді аяқтаған түлектердің өңірлерге тұрақты қызмет етуіне ықпал ету.

Мақсат – Атырауда салынып жатқан жергілікті мешіттерге имам, ұстаздар тарту.

Шәкірттермен танысып, сұрақтарға жауап берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы түлектерді Атырау жерінде қызмет етуге шақырды.

Сондай ақ, Атырауда қала, аудан, ауыл деңгейінде мешіттер жанынан қызметтік үй, жалақы мәселесі демеушілер тарапынан шешілгенін атап өтті.