Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Қаһарман Мусаев және Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Еркінқала мешітіндегі жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты мұсылман әлемінің қасиетті мерекесі , санаулы күндерден кейін келетін Құрбан айтпен құттықтап, жамағатты бірлікте болуға шақырды.
«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады», – дейді қазақ аталарымыз. Расымен бірлік болмаған елде тыныштық та, береке де, бақ та кетері анық. Ал тыныштығы қашқан бірлігі жоқ елді жау оңай алары сөзсіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбіршілікпен атқарған әрбір жұмысқа, Алла берекесін берері анық» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.