Атырау облысының Бас имамы өрліктік мұқтаж отбасына баспана тапсырды (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында тапсырылып отырған 307 баспана Индер ауданы, Өрлік ауылының тұрғынына бұйырып отыр.

Небары үш күнннің ішінде халықтың үлесімен жиналған қаржыға алынған төрт бөлмелі баспананың кілтін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Болған Ғаббасоваға арнайы барып табыс етті.

«Мұқтаж отбасының мұңына бей-жай қарамай, баспаналы болуына үлес қосқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Бұл «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында тапсырылып отырған 18 баспана. Алла Тағала осындай қуанышты күндерімізді ұзағынан еткей» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Екі баланың анасы Болған Ғаббасова тағдыр тауқіметін тартып келе жатқан жан. Жұбайынан жесір қалған ананың үлкен ұлы сырқат салдарынан мүмкіндігі шектеулі болып қалған. Ұзақ жыл баспана тауқіметін тартқан отбасы жұртшылыққа жылап тұрып алғыс айтты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.