Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы орталық «Иманғали» мешітінде өңір жамағатымен жүздесті.
Дәстүрге айналған “апталық дастархан” жобасы аясында бас қосқан жамағатпен танысқан Бас имам Болатбек Ұласқанұлы рухани саладағы маңызды істерді бірлесе атқаруға шақырды.
«Қадірлі жамағат, мешіт әрқашан жамағатымен көркем. Өздеріңіздей дінімізге жанашыр, ішкі рухани дүниесі бай азаматтар барда мешіттеріміз өркендей береді деп сенемін. Қасиетті Рамазан қарсаңында Атырау жеріне келіп жатырмыз. Үлкен істер атқарылды, алда одан да үлкен міндеттер тұр. Асыл дінімізді насихаттау, руханиятымызды нығайту, бірлігімізді арттыру жолындағы істерде бірлесе атсалысуға шақырамын» деді Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.
Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына дайындық, рухани тазару айындағы амалдар туралы сөз қозғады.
Сондай ақ, өңірде бес жылдың үстінде абыройлы қызмет еткен Алтынбек Ұтысханұлына ризашылық білдіріліп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.


