Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен мешіт жамағатына айлық дастархан жайылды.
Дастархан басында бас имам жамағаттың ынтымақ бірлігі, иман сақтаудың амалдары турасында насихат айтты.
«Жүректің түрлері сау және өлі жүрек деп бөлінеді. Сау жүрек Алланы көп зікір етіп, үнемі Раббысымен байланыста болатын жүрек. Ал, өлі жүрек дегеніміз Раббысын мойындамайтын, тыйымдарынан тыйылып, бұйырған әмірлерін орындамайтын» қасуа, қиын жүректерді өлі жүректер деп атайды. Сондықтан, Алланы көп зікір ету арқылы жүректер емделеді, әрқашан жамағат бірлікте болып, Алланы еске алып, насихаттау арқылы иманымыз кемелденеді,-деп атап өтті Бас имам.
Еркін форматтағы отырыста жамағатқа сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сыйлықтар, кітаптар табысталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.