amin.kz/ 24 шілде, 2020 жыл. Тағы 7 ИВЛ аппарат алдағы апталарда әкелініп, емдеу мекемелеріне табыс етіледі деп күтілуде.
Əрқайсысының құны 10 миллион теңге тұратын ИВЛ аппараттың əзірге үш данасы тапсырылып отыр.
«Бұл аппараттар мемлекет жəне қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ағамыздың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясына қосқан үлесі. Атырауға «Сəби» қоры арқылы барлығы он ИВЛ аппарат əкелінеді деп күтілуде. Əзірге шет елден жеткен үш аппарат тапсырылып отыр.
Тағы да жеті аппарат емдеу мекемелеріне шет елден Атырауға əкелінген сəтте жеткізілетін болады. Осылайша, ауруханаларға жалпы құны 100 миллион теңге болатын аппараттарды тапсырамыз.
Алла Тағала ауырып жатқан бауырларымызға саулық бергей» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
ИВЛ аппараттар облыстық аурухана жанындағы провизорлық стационарға, Атырау облыстық кардиологиялық орталық жанындағы провизорлық стационарға жəне Махамбет аудандық ауруханасына тапсырылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.