Исатай ауданының орталық мешітінде ауыл азаматтары құрбандық шалды

amin.kz/ 23 шілде, 2020 жыл. Исатай ауданында Аққыстау ауылының бір топ азаматы ел амандығы үшін құрбандық шалды.

«Бұл жолы Аққыстау ауылының 1982 жылы туған азаматтары бірлесіп, игі бастамаға себепкер болып отыр. Азаматтар сиыр малын құрбандыққа шалды және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік түрлерін де алып келді.

Қазіргі уақытта ірі-қараның еті және азық-түлік пакеттері Исатай ауданының орталық мешіті қабырғасында әлеуметтік тұрмысы төмен 20 отбасына таратылып отыр.

Алла ниетімізді қабыл етіп, ауыр індет жерге сіңгей» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының мешіттерінде 50 сиыр, 24 қой, 1 жылқы құрбандыққа шалынғанын хабарлаған болатынбыз.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.