Атырауда орталық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

Атырауда “Иманғали” орталық мешітіне наиб имам болып Ержан Иманғалиев тағайындалды.

Жаңа имамды облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатқа таныстырып, бас мүфтидің бұйрығымен таныстырды.

Иманғалиев Ержан Насихатұлы 1989 жылы 11 шілдеде Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында дүниеге келген.

1996-2005 жылдары Шоқпартоғай ауылындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде оқыған.


2005-2008 жылдары Құлсары қаласындағы кәсіптік білім беру лицейінде «автомеханик» және жүргізушілік мамандығын алды;


2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша бакалавр;


2015-2017 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.


2021-2024 жылдары Түркия мемлекетінде «Хасеки» атындағы «Диянет академиясын» тәмамдады.

Ержан Насихатұлы әр жылдары имамдық қызметтер атқарды.

2013-2015 жылдаоы Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінде наиб имам;


2015-2017 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Алғабас» мешітінде наиб имам;


2017-2021 жылдары Атырау облысы, Махамбет ауданы, «Исатай – Махамбет» мешітінің бас имамы;

Отбасылы, төрт баланың әкесі.