Атырау қалалық Құспан молла мешітінде әйелдер арасында шеберлік сағаты өтті

amin.kz/6 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағатына 60-қа жуық қыз-келіншек қатысты.

«Шара аясында әйел азаматтарға торт түрлерін және өзбек палауын дайындаудың жолдары көрсетілді. Жалпы, асханадағы әркім біле бермейтін құпиялар айтылды. Мұндай шараның үйренушілерге берері мол. Осындай сабақтардан алған білімді тәжірибеде пайдаланып, жеке кәсіп ашуға да мүмкіндік бар» дейді ұйымдастырушылар. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: