Атырау: «Ықыласты бауырлар» еріктілер тобы құрылды

amin.kz/6 наурыз, 2020 жыл.  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен орталық «Иманғали» мешіті жанынан «Ықыласты бауырлар» еріктілер тобы құрылды.

«Қазіргі уақытта мешіт жанынан «Иман жастары» қозғалысы жұмыс істеп жатқаны белгілі. Бұл қозғалысты біз мешіттің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына пайдаланып отырмыз.

Ал, «Ықыласты бауырлар» еріктілер тобы негізінен қайырымдылық жұмыстармен айналысатын болады.

«Ислам жеке дара емес, жамағаттың діні болғандықтан біздерді қашанда өзгеге игі іс жасауға итермелеп отырады. Осыған байланысты Пайғамбар (с.ғ.с) өз хадисінде: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауапты болады» деген. Құранның өзінде: «Жақсылыққа жарысыңдар…» делінген. Өйткені, Алла Тағала адамды жақсылық жасауға бейімдеп, әу баста фитратпен жаратқан.

Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» деген сөзі де бар. Біздің мақсатымыз – қоғамға барынша кеңірек ізгілік нұрын шашу» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, биыл Қазақстанда «Волонтер жылы» жарияланды. Волонтер жылының жариялануына орай, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында Еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: