Индер: Жарсуат ауылында жергілікті мешіт жұртшылықты ысырапшылдықтан тыйылуға шақырды

amin.kz/6 наурыз, 2020 жыл.  Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылы мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті ақсақалдар, ақжаулықты аналар арасында дөңгелек үстел шарасы өтті.

Іс-шара аясында бұған дейін Атырау облысының бас мешітінде қабылданған жаназа және жерлеу мәселелеріндегі ысырапшылдықтан тыйылуға шақырған Үндеу талқыланды.

«Үндеу – қалың бұқара арасында кеңінен қолдау тауып отыр. Расында, Үндеуде айтылғандай, Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Жеңдер, ішіңдер алайда ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» – деген (Ағраф 31).

Ысырапшылдықтан тыйылу арқылы біз, жаназа рәсімдерінде бірізділікке қол жеткізе аламыз. Сонымен бірге, шара аясында сауда дүкендері қожайындарын Рамазан қарсаңында алкогольді ішімдіктер сатудан тыйылуға үндедік» дейді Жарсуат ауылдық мешітінің молдасы Құраш қажы Рыспаев. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: