Атырау қаласының бас имамы Сәбилер үйіне барды

Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров Атырау қаласындағы Сәбилер үйіне барып, мекеме ұжымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Мереке құрметіне сәбилерге сыйлықтар апарған Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров мекемемен мешіттің байланысы ажырамайтынын айтты.

Сәбилер үйінде жаңа туған нәрестелер мен 4 жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленуде.