Атырауда «Мәулімберген» мешіті 100 баланы Құрбан Айтпен құттықтады.
Мерелік сыйлықтар айт күндері Атырау қаласындағы Тасқала ауылының көшелерінде таратылды.
«Қазақта «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Бала – болашақ. Ұлтымыздың руханиятымен сусындап өскен бала болашақта жаман болмайды. Құрбан Айт арқылы біз балаларымызға жылулық, жақсылық қасиеттерді дәріптеуге тырыстық» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.