Атырауда “Мәулімберген” мешіті 100 баланы Құрбан Айтпен құттықтады.
Мерелік сыйлықтар айт күндері Атырау қаласындағы Тасқала ауылының көшелерінде таратылды.
“Қазақта “Берсең, балаға бер” деген тамаша сөз бар. Бала – болашақ. Ұлтымыздың руханиятымен сусындап өскен бала болашақта жаман болмайды. Құрбан Айт арқылы біз балаларымызға жылулық, жақсылық қасиеттерді дәріптеуге тырыстық” дейді “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.