Атырау селолық мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы болып өтті.
Шәкірттер Құранның 30 парасын жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан өзара сынға түсті.
«Басты талап – Құранды мәнерлеп оқу, тәжуид ережелерін сақтау. Шәкірттер белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті» дейді ұйымдастырушылар.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне өткен іс-шарада онға жуық шәкірт бақ сынасты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.