Атырауға Қарағанды облысының Бас имамы келді

Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ Бекқожа Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, орталық «Иманғали» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өмірзақ Бекқожаға медиа студияны таныстырды.

«Амин.кз студиясында бейнеуағыздар, сұхбаттар, жобалар түсіріледі. Заманауи стильде жабдықталған студия интернет кеңістігін діни ақпараттармен толықтыруға ықпал етіп отыр» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Қарағандылық өкілге орталық «Иманғали» мешітінің жанынан ашылған Қайырымдылық мекемесінің де жұмыстары таныстырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.