Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде 100 отбасына жеміс-жидек таратылды.
Әр отбасына 10 келіден таратылған жеміс-жидектер қасиетті Ережеп айының құрметіне үлестірілді.
«Ережеп – ізгіліктің, қуаныштың, шаттықтың айы. Мұсылман біріне-бірі бауыр десек, осындай ізгілік шаралар адамдарды бір-біріне жақындата түседі» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Айта кетсек, бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш мешітте мұқтаж отбасыларына азық-түлік түрінде Ережеп айының сыйлықтарын таратқан болатын.