Атыраудың дін саласы жаңа кадрмен толықты

Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы “Мәулімберген” мешітіне ұстаз тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған ұстаз Наркес Бохановты ұжымға және жамағатқа “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов таныстырды.

“Ұстаз Наркес Боханов тәжірибелі маман. Дін саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Бұған дейін ол Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы “Акрамтөре” мешітінің наиб имамы қызметін атқарды. Әріптесіме сәттілік тілеймін” деді “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.