АСАР: Жылыойда мұқтаж отбасы баспаналы болды (+ ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 355-ші баспана кілті Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы мұқтаж отбасына табыс етілді.

Бұл Атырау облысы бойынша тапсырылып отырған 20-шы пәтер.

Атырау мешіттері және еріктілердің ұйытқы болуымен, қазақстандықтардың асарлатуымен баспаналы болған пәтер иесі – Айсұлу Кенжеғалиева.

Екінші топ мүгедегі Айсұлудың үш баласы бар. Бір баласы тумысынан дімкәс.

«Мен мұндай бақытты күн туады деп армандаған да жоқпын. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысым шексіз» дейді Айсұлу Кенжеғалиева.

Мұқтаж отбасына баспана кілтін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев салтанатты жағдайда табыс етті.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасылар және діни қызметкерлер баспанамен қамтамасыз етіліп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.