Атырауда мешіт мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады

Мәулімберген мешіті және «Иман жастары» еріктілері бірлесіп, мұқтаж отбасына жалпы салмағы 20 келі болатын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік себетін апарып берді.

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің ұйытқы болуымен өткен қайырымдылық акциясы осылайша, әлеуметтік жағдайы төмен Алтынай Сырымованың отбасына қуаныш лебін сыйлады.

«Біз кішігірім қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып отыруға тырысамыз. Ондағы мақсатымыз – мұқтаждарға дер кезінде көмекке келу. Исламның өзі барша адамзатқа жақсылық жасауға шақырады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.