Атырауда «Ихсан ілімі» бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен орталық «Иманғали» мешітінде өткен жиында аймақ имамдары «Ихсан ілімі» бойынша жыл ішінде атқарылатын жұмыстарды саралады.

«Ихсан – әр нәрсені. істі кемел, көркем түрде атқару дегенді білдіреді.

Қазіргідей алмағайып заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі. Пенде қуаныш пен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Біз осындай сәттерде иманымызды күшейтіп, әр ісімізді Алла разылығы үшін атқара білуіміз керек. Яғни, Ихсан ілімі – рухани кемелденуге бастайтын жол» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиын барысында аталған тақырып бойынша жыл бойына жүзеге асырылатын ақпараттық саладағы жұмыстар жоспары бекітіліп, әлеуметтік желілерге контент орналастыру мәселесі талқыланды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.