Атырау: Сұлтан Бейбарыс мешіті мұқтаждарға 57 келі шұжық таратты

Атырау мешіттерінде қайырымдылық бағытындағы ізгі шаралар жалғасуда.

Бүгін Сұлтан Бейбарыс мешітінде жалпы салмағы 57 келі болатын шұжық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге үлестірілді.

«Қайырымдылық – исламның қайнар көзі. «Аяттан – амалға» жобасы аясында атқарылып жатқан ізгілік шаралары жалғасады» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

«Кәусар», «Азамат», «Рублевская», «Мясной Король, «Эверест» сауда маркасымен өндіріліп жатқан бұл шұжық өнімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» сертификатын алған.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.