Атырау: «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде заманауи дәретхана пайдалануға берілді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 1 қыркүйек, 2020 жыл. Заманауи үлгіде жасақталған дәретхана құрылысы екі ай ішінде аяқталып отыр.

«Дәретсіз намаз болмайтыны секілді, исламда дәреттің орны бөлек. Дәрет алатын жерлеріміз де көркем болуы керек. Бұл заманауи дәретхана жамағатқа жасалған қолайлы жағдай» дейді жаңа нысанды арнайы барып көрген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жалпы бір мезгілде қырық адамға қызмет көрсететін орын ерлер және әйелдер жамағатына арнайы жасақталған.

«Ер адамдар үшін он алты дәрет алатын орын, он төрт әжетхана салынып отыр. Әйел адамдарға арналған үш әжетхана, бес дәрет алатын орын бар» дейді Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.