Атырау: Жұлдыз мешіті 5000 баланы құттықтады (+ ВИДЕО)

Атырауда қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтау жалғасуда.

Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ұжымы бір күнде 5000 балаға тәттілер мен балмұздақ таратты.

Карантин талаптарын сақтау мақсатында, ашық аспан астында ұйымдастырылған іс-шара осылайша, атыраулық бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Еске сала кетелік, биыл қасиетті Құрбан айт 20, 21, 22 шілде аралығында болып өтті. Пандемияға байланысты, елімізде биыл да құрбан шалу рәсімі онлайн форматта ұйымдастырылды.

Қазақстандықтар мүфтият ұсынған qurban2021.kz платформасы арқылы, құрбан малына онлайн түрде тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.