Атырауда 1000 орындық жаңа мешіттің іргетасы қаланды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау қаласында Самал ықшамауданында жаңа мешіттің іргетасы қаланды.

Мешіттің қазығын қағу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.

Жаңа заманауи мешітте бір мезетте 1000 адам құлшылық етеді деп күтілуде.

«Аллаға шүкір, мешіттеріміздің қатары толығып жатыр. Бұл сұраныстың артуынан туындап отыр. Мешітке келген жан рухани жан дүниесін тазартып, қажетін бір Алладан сұрай алады. Қайырымды істер жасалады, шәкірттер тәрбиеленеді, қоғамға пайдалы ілім беріледі, Құран үйренеді. Осы арқылы екі жан-жақты дайын мамандар даярланады,-деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жаңа мешітте Құран оқу, имам бөлмесі, тахаратхана  сынды мүмкіндіктер қарастырылған.