Атырауда «Иманғали» орталық мешітінің жанынан құрылған «ҚМДБ Атырау жастары» еріктілері Рамазан айының құрметіне бүлдіршіндерге тәттілер үлестірді.
Сондай-ақ, ауыз бектікен жандарға су мен ауызашар себеттерін үлестірді.
Жастар ісі бойынша жауапты маман Дәурен Ермағанбетұлының айтуынша, бұл игі іс-шараның мақсаты – жастарды қасиетті айдың құндылықтарын дәріптеу арқылы, қоғамда өзара ынтымақ пен ауызбіршілікті насихаттау.
Игі бастама әлі де жалғасын табатын болады.