Атырауда 60 адам жат ағымнан бас тартты

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Астанада өткен есеп беру жиынында айтты.

«Мақсатты топтармен, түзеу мекемелерінде кешенді жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 60 адам жат ағымнан бас тартты. 21 адам бейімделді» деп атап өтті Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жалпы, азаматтарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында 418 іс-шара өтіп, 21 726 адам қамтылды.