Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Зекет және қайырымдылық қорының Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Атырау арнайы автобаза қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Біз мешіттерімізде қайырымдылықпен мүмкіндікке қарай тұрақты айналысып келеміз. Отбасылық жағдайы төмен жандарға қолдау білдіруге әзірміз. Бұл жолғы жасап жатқан ісіміздің жөні бөлек.
Сіздер қаламыздың тазалығы үшін күннің астында қиындықпен жұмыс жасап келесіздер. Тазалық бәрімізге ортақ. Сондықтан бұл істеріңіз сауапты деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.