Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған рухани шара өтті.
Интеллектуалды сайыста қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына байланысты тақырыптық сауалдарға жауап берді.
Жиырмаға жуық шәкірт қатысқан шара тартысты өтті.
Еске сала кетсек, қазақтың шоқтығы биік ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.