Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.
Құран жарысын Мүфтият жанындағы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.
«Құран жарысында 32 үміткер өзінің білімдерін сарапқа салды. Рухани бәйге барысында үміткерлер Құранның бірнеше аяттарын жатқа айтып, екінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде:
1 орын – Жұлдыз Үмбетқалиеваға
2 орын – Дамира Насиповаға
3 орын – Аида Бердешоваға бұйырды.
Жеңімпаздарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, Құран оқу, Құран жаттаудың сауабы туралы насихат айтты.
Құран оқу, оны үйрету және үйрену – сарқылмас сауапқа ие амал. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 269-аятында: «Аллаһ білімді қалаған құлына береді. Кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Мұны ақыл иелері ғана түсіне алады», – деп бұйырды. Баршаңызға Алла разы болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Жеңімпаздардың барлығына қаржылай марапаттар табысталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.