Алтынбек Ұтысханұлы мектеп оқушыларымен кездесті

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездесті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем- Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Алтынбек Ұтысханұлы бәсекеге қабілетті ұрпақ болу туралы насихат айтты.

«Қасиетті Құран «Оқы!» деген сөзбен басталады. Бұл – білім алу, іздену деген мағынаға саяды. Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет сөз бар. Әлемге аты жайылған ғалым Әбу-Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім қоғамға зиянын тиігезеді» деген. Бұл ретте тәрбие отбасынан басталады. Әрі қарай адамды оның араласын ортасы, қоғам тәрбиелейді.

Сіздердің міндеттеріңіз сапалы білім алып, өздеріңізді жан-жақты дамытып, бәсекеге қабілетті маман болу. Интернеттің, технология мүмкіндіктерін уақыт өткізу үшін емес, өздеріңізді дамыту үшін пайдалану керек» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы .

50 оқушы қатысқан іс-шарада Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы адам дінге қызығушылық танытқан жағдайда ақпаратты интернетттен емес, сала мамандарынан, мешіттерден алуға шақырды. Және тексерілмеген, тыйым салынған дереккөздерді пайлану қауіпті екенін атап өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.