Рамазан бокстары жиырмадан астам бүлдіршінге таратылды.
Ізгі шараны ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі.
Ұйымдастырушылар мақсат – Рамазанның жылулығын балаларға сезіндіру екенін айтады.
«Рамазан – жылулықтың, ізгіліктің мерекесі. Бұл айда жақындарымызға сыйлық беріп қуантқанымыз абзал. Біз балаларды қуанту арқылы, Рамазан мерекесінің ерекшелігін дәріптегіміз келді» дейді ұйымдастырушылар.
Сондай ақ, 30 адамға ауызашар қоржындары таратылды.
Әйел-қыздар секторы балаларға базарлық таратты #рамазансыйы – YouTube