Атырауда ҚМДБ әйел-қыздар секторының Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен «Отбасы — от анасы» тақырыбында әйелдерге арналған рухани дәріс өтті.
Жиынға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, әйел мәртебесі, исламдағы әйелдің рөлі, отбасындағы орны турасында насихат айтты.
«Қасиетті дініміз әйел затына құрметпен қарайды. Жаратылысының өзі нәзіктікті білдіргенімен, қоғамның отбасының тыныштығы мен берекесі әйелге байланысты. Әйел адам өзін түзесе, елдің түзелгені. Тәлімі мен тәрбиесін қатар көрсетіп халықтың шын жанашыры болатын тұлғалар тәрбиелеген аналарымыздың өненелі жолын баршаңызға нәсіп етсін,-деп тілегін жеткізді.
Жиында әйел-қыздар секторының жауапты өкілі ұстаз Ардақ Сайынқызы мен ұстаз Гүлдана Үкібаева шариғаттағы бала-тәрбиесі, психологиялық жағдаяттар турасында дәріс оқыды.
Шараға алпысқа жуық әйел жамағаты қатысты.