16 маусым күні қасиетті Құрбан айт басталады.
Айт намазы таңғы сағат 6.30 да барлық мешіттерде оқылады.
Еске сала кетелік, шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, һижри жыл санауы бойынша 1445 жылдың зұлхижжа айының басталуы 7 маусым болып бекітілді. Арапа күні 15 маусымға сәйкес келеді. Ал 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал, арапа күні ораза тұту – сүннет.