Ұлыстың ұлы күні Атыраудағы Алғабас жастары бес отбасына азық-түлік апарып берді.
Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларын қамтыды.
«Ауылымызда шын мәнінде көмекке мұқтаж жандар өте көп. Жастарымыздың бастамашылық танытып, осындай игі істердің жанынан табылып жатқаны қуантады. Мешітіміз жанындағы «Иман жастары» еріктілерінің негізгі мақсаты да осындай ізгі істерге атсалысу» дейді Мәулімберген мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.