Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 41321 әскери бөлімінің жеке құрылымымен кездесті.
Кездесу барысында Алтынбек Ұтысханұлы жеке тұлғалық даму, отбасы құндылықтары тақырыбында насихат айтты.
«Адамның өмірге келуінің өзі бақыт. Адам лайықты өмір сүруге ұмтылуы керек. Іздену, оқу, өзін дамыту – адамға ішкі гармония береді. Қазір ислам атын жамылған ағымдар жетерлік. Жат идеологияның соңына еріп, түрлі өкінішті жағдайға тап болып жатқандар көп. Шындығында, адам білім алу, іздену арқылы ғана мақсатқа жете алады. Сондықтан, адам уақытын ізденіске, рухани дамуға жұмсағаны абзал» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.